14 сәуірдегі саудада доллар бағамы өсті

Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,22 теңгеге өсіп, 450,25 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де 65,71 (+0,32) теңге болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 495.88 теңге, рубль бағамын 5,51 теңге деп белгіледі.

Айырбастау пункттерінде доллар 449-453 теңге, еуро 495-500 теңге, ресей рублі 5,5-5,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.

14 сәуірде мұнай бағасы да өсті. Маусымдағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,44%-ға өсіп, барреліне 86,47 доллар, WTI маркалы мұнайдың мамыр фьючерстері 0,54%-ға өсіп, 82,59 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды