Тамақтану орындарындағы ас мәзірінің бағасы өскен соң ел тұрғындарының шығыны да бірден 44,8% көбейді. Елімізде 2022 жылы бір отбасы дәмхана мен мейрамханалардағы тамаққа 50,4 мың теңге жұмсаған. Салыстыру үшін: 2021 жылы бұл шығын 34,8 мың теңге болған еді.
Бір қызығы, ауа-райы қолайсыз болған кезде шығын көбейген. Мысалы, былтыр қаңтар-наурыз айларында орташа отбасының сыртта тамақтануға жұмсаған шығыны бірден 24,2% өсіп, 11,6 мың теңге болған.
Дәл осындай серпін төртінші тоқсанда да болды: шығынға +25,9%, ал тоқсандық сома қазірдің өзінде 15 мың теңге болып отыр. Бл туралы Energyprom.kz жазды.
2019-2021 жылдар аралығында дәмханалар, асханалар мен мейрамханалардағы тағам бағасы жалпы азық-түлік құны сияқты тез өскен жоқ. Соның ішінде қоғамдық тамақтанудың экономикалық сегменті, атап айтқанда асханалардағы түскі ас пен фастфуд бағасы ең көп өсті: тиісінше 27,9% және 20,9%. Кейінгі бір жылда мейрамханадағы кешкі ас 20,2% қымбаттады.
Кейінгі мәліметтер бойынша, Қазақстанда азық-түлік жылына 12% қымбаттаған.