Қазақстанда ауыл тұрғындарына арналған шағын несие екі есеге жуық артады

Сурет: primeminister.kz
"2023 жылға арналған ауыл тұрғындарының кірісін арттыру жобасын кеңейту үшін ауыл тұрғындарына шағын несиелер беру үшін облыстық бюджетке кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы" үкімет қаулысы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға сай ауыл тұрғындарының кірісін арттыру жобасын іске асыру үшін ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін облыстық бюджетті несиелендіруге 52 396 965 000 теңге көлемінде қаражат қарастырылмақ.

Алайда 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша 47 603 035 000 теңге бөлінді. Нәтижесінде аталмыш бюджеттік бағдарлама бойынша 100 млрд бөлінбек.

Сонымен қатар бюджеттік кредитті игеру мерзімі кредитордың шотынан бюджеттік кредит қаражаты аударылған сәттен бастап 6 айдан 12 айға дейін ұлғайтылды.

Құжат 30 мамырға дейін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті