2023 жылдың 1 қазанынан бастап микрокредиттердің пайызы жаңа әдіспен есептеледі

Сурет: freepik
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылғы 26 мамырдағы қаулысымен Ұлттық банктің "Микрокредит беру шарты бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулерге сәйкес, азаматтармен 45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге кепілсіз микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшері:

Азаматтармен кепілсіз микрокредиттер бойынша сыйақының ең жоғары мөлшері күніне 0,8 %-дан аспайтын, бірақ 45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге берілген микрокредит сомасының 20 %-ынан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

45 күнтізбелік күннен асатын мерзімге азаматтармен микрокредит беру шарты бойынша сыйақының шекті мөлшері тәулігіне 0,4%-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

Қаулы 2023 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды