Жұмыс істеп тұрған тоғыз банктің таратылатыны рас па – Қаржы нарығын реттеу агенттігі түсініктеме берді

Сурет: pixabay
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілер мен БАҚ-та таратылып жатқан Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 9 банкті тарату туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 12 банк шетелдің қатысуымен, оның 8-і – еншілес банк.

"Бұл банктерден басқа тағы тоғыз банк 2007 жылдан бері тарату процесінде", – делінген агенттіктің сайтында 2023 жылғы 25 шілде күні жарияланған хабарламада.

Ведомство тарату процесінде тұрған бұл тоғыз банктің лицензиялары 2007 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде кері қайтарып алынғанын атап өтті, атап айтқанда:

"Таратылатын банктердің тарату өндірісінің барысы туралы ақпарат тоқсан сайын Агенттіктің ресми сайтында «Қаржы нарықтары - Банк секторы - Тарату процесі - Тарату процесінің ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат» бөлімінде орналастырылады (2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша таратылатын банктер бойынша өзекті ақпарат сайтта 2023 жылғы 14 шілдеде орналастырылды)".ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Осыған байланысты, Агенттік өкілдерінің мәлімдеуінше, тарату процесінің жұмыс істеп тұрған 21 екінші деңгейдегі банкке қатысы жоқ, лицензиялары 2007-2021 жылдары қайтарып алынған басқа тоғыз банкке қатысты жүргізіледі.

"Жұмыс істеп тұрған 21 екінші деңгейдегі банктен лицензияларды кері қайтарып алу жоспарланып отырған жоқ".ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Агенттік "бүгінгі күні банк секторы тұрақты, банктер барлық пруденциялық нормативтерді орындап жатқанын" атап өтті:


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды