Мемлекет қазынасы 77 млн теңгемен толықты: БҚО прокуратурасы салық заңбұзушылығын анықтады

Теңге, БҚО, прокуратура, салық, заңбұзушылық, бюджет, ЖШС, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2026 19:38 Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданының прокуратурасы салық заңнамасының бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокурорлық тексеру электрондық шот-фактуралар деректерін 300.00 нысанындағы салық есептілігімен салыстыру нәтижесінде "J" ЖШС тарапынан қосылған құн салығы сомасын төмендету фактісін анықтады.

"Бұл ретте уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолдау бойынша тиісті шаралар қабылдамаған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, мемлекеттік бюджетке 77 млн теңге көлемінде міндетті салық төлемдерінің түсуі қамтамасыз етілді", делінген құзырлы орган хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстанда 13 мыңнан астам шаруа қожалығы қосымша салық төлейтіні хабарланған. Бұл - ҚҚС көлемінің артуымен байланысты арада туындаған айырмаға қатысты жайт.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: