БҚО прокуратурасы 43 балабақша қызметкерінің конституциялық құқықтарын қорғады

Детский сад, детские сады, детсады, детский садик, детские садики, садики, дети, няни, няня, детсад, детсады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2025 12:23 Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының прокуратурасы талдау аясында міндетті салық төлемдерінің төленбеу фактісін анықтады.

"Балдырған" балабақшасының 43 қызметкеріне арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қоса алғанда 8 ай бойы төленбей келген 26 миллион теңге көлеміндегі міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша берешегі бар екені анықталды.

Нәтижесінде 43 балабақша қызметкері денсаулық сақтау және медициналық көмекке кепілдік беру бойынша конституциялық құқықтарын жүзеге асыра алмады.

Аталған факт бойынша облыстық Білім басқармасына прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, берешек толығымен өтелді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: