Қазақстанда қанша адам жәрдемақыны Отбасының цифрлық карта арқылы алды

Сурет: primeminister.kz
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде2023 жылы 192,5 мыңнан астам қазақстандық мемлекеттік қызмет алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 536,9 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 192,5 мыңнан астам адам пайдаланды. Сонымен қатар, 64,4 мыңнан астам жұмыссыз азамат жұмыс іздеу мүмкіндіктері туралы, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды.

"Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінгі таңда онда Қазақстанның 19,7 млн-нан астам азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған", – делінген хабарламада.

Министрлік атап өткендей ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер ресімдеуге мүмкіндік береді:

Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады