Алматының қоғамдық көліктері жаңа тарифпен жұмыс істей бастады

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 2023 жылғы 21 тамыздан бастап қала әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы "Жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" қаулысы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта қала жолаушыларын тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауға жаңа тарифтер төлеу тәсіліне қарай мынадай мөлшерде белгіленді:

21 тамызға дейін қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлегенде 80 теңге (2012 жылдан бастап жарамды), қолма-қол төлеу кезінде 150 теңге болған еді.

Әкімдікте түсіндіргендей, кейінгі 11 жылда тасымалдаушылар көтерген барлық шығын айтарлықтай өсті. Мысалы, дизель отынының құны 90 теңге болса, бүгінде 295 теңге (+328%), газдың құны 33 теңге болса, бүгінде 108 теңге (+327%) болып бекітілді. Басқа шығындар, соның ішінде автобустардың құны бойынша да жағдай осындай.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды