Теңгедегі депозиттер бойынша қыркүйек-қазан айларындағы шекті мөлшерлемелер белгілі болды

Сурет: pixabay
ҚДКБҚ теңгелік депозиттердің бойынша 2023 жылдың қыркүйек пен қазан айларына арналған шекті сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 31 тамыз күні кесте жариялады, онда алдағы екі айдағы теңгедегі депозиттер бойынша шекті мөлшерлеме көрсетілген. Мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлеме 16%, мерзімді депозиттер бойынша максималды пайыздық мөлшерлеме 17,3%, жинақ депозиттер бойынша 18,3% деңгейінде белгіленген.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдеріне қатысты сыйақы мөлшерлемелерінің көлемі қандай болатындығы туралы шешімді өз бетімен қабылдайтынын еске салды.

"Банктер өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға берілетін ішкі бағаларды ескере отырып, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол ҚДКБҚ бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін", – делінген қор хабарламасында.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипед соқтығысып, бір адам қаза тапты

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді