Заңсыз алынған активтер: Қазақстанға 850 млрд теңгеден астам қаржы қайтарылды

Сурет: pixabay
13 қазанда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы генерал Қанат Сүлейменов 2022 жылдан бері Антикор заңсыз жолмен алынған 856 миллиард теңгені қайтаруға қол жеткізгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл сомаға шетелден қайтарылған ақша ғана емес, жылжымайтын мүлік те кіреді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 856 миллиард теңгені қайтарды. Мәселен, сот үкімі шыққан ӨКМ ісі бойынша 180 миллиард теңге қайтарылды. Ақшаның бір бөлігі жеңілдетілген автокөлік несиесіне жұмсалды. Ол ақшаның бәрі әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады. Жыл соңына дейін біз әлі 180 миллиард теңгені қайтаруды жоспарлап отырмыз. Ол да ақша, мүлік, шетелдегі қымбат көліктер". Қанат Сүлейменов

Ол тергеу әлі де жүріп жатқанын айтты.

 Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанынан Активтерді қайтару жөніндегі комитет құру туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстан
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды