Коммуналдық кәсіпорынға қарыз Алматы тұрғындары енді оны айыппұлсыз төлей алады

Сурет: Zakon.kz
Жылыту және ыстық сумен жабдықтау қызметі үшін коммуналдық кәсіпорын алдындағы қарызын айыппұлсыз төлегісі келетін жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар үшін Алматында "Қарызды төле - өсімпұлды алып тастаймыз!" атты науқан басталды.

Өсімпұлды алып тастап, үнемдеумен бірге бұл мүлікке шектеулер мен тыйым салуларды, сонымен қатар, банктердегі есеп айырысу шоттарындағы шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді.

"Акцияға қатысу үшін осы жылдың қазан айынан желтоқсанның соңына дейін берешекті толық төлеп, "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-на өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, негізгі борышты (кассалық чекті) төлегенін растауды мына электрондық поштаға ұсыну қажет: info@alts.kz немесе орналасқан аумақ бойынша ТҚКО (тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарына) біріне жүгіну керек". Алматы әкімдігі

ТҚКО мекен-жайлары және байланыс деректері:


"Сонымен бірге мына телефон 341-07-77 нөміріне қоңырау шалып, АлЖЖ анықтамалық қызметіне хабарласу арқылы берешек туралы ақпарат немесе жылу энергиясын есептеу бойынша кеңес алуға болады. WhatsApp нөміріміз де бар: +7 (701) 027-11-20 (хабарламаларды ғана қабылдайды). Берешек төленбеген жағдайда төлемеушілерге жылу беру тоқтатылып, қарыз сот арқылы өндіріп алынады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні