Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті

Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2024 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті. Бұл ақпаратты орталық банктің баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарланып отыр. Оның 4 (төртеуі) болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданатын болады. 2024 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері жарияланады:

"2024 жылы базалық мөлшерлеме бойынша барлық шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні жарияланады. Осылайша, шешім келесі аптаның алғашқы жұмыс күнінен бастап күшіне енеді", делінген ҚР Ұлттық банктің хабарламасында.

Айта кетсек, 2023 жылы 24 қарашада ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады.

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімге келуге Ұлттық банктің болжамдарды жаңартуы, деректерді талдауы және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалауы негіз болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды