12 желтоқсандағы саудада доллар екі теңгедей арзандады

Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,97 теңгеге төмендеп, 456,52 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,50 теңге (-0,31) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 493,61 теңге, рубльді 4,04 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 458,7-460,7 теңге, еуро 492-495 теңге, ресей рублі 5,03-517 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 12 желтоқсандағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтеріле түсті.

ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны 0,16%-ға өсіп, барреліне 76,15 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері барреліне 0,20%-ға өсіп, 71,46 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды