22 мамырдағы сауда-саттықта доллар бағамы тағы төмендеді
Фото: Zakon.kz
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 470,80 теңгені құрады. Осылайша, доллар бағамы тағы 0,46 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 6,61 теңге деңгейінде қалды (-0,04).
Ал юаньның орташа сараланған бағамы күндізгі саудада 69,05 теңге болды (-0,26).
Айырбастау пункттерінде доллар 471–473,2 теңгеден саудаға түсуде, еуро 546,2–551,2 теңге аралығында, рубль 6,38–6,52 теңге аралығында саудалануда.
Бұл ретте, 22 мамырдағы саудада әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр.
Атап айтқанда, ICE Futures электронды сауда алаңында Brent маркалы мұнайдың шілде айына арналған фьючерстері 3,08%-ға өсіп, барреліне 105,73 долларға жетті.
Ал NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының шілде айына арналған фьючерстері 2,52%-ға қымбаттап, барреліне 98,77 доллар болды.
Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллар бағамын 471,45 теңге, еуроны 547,21 теңге, рубльді 6,63 теңге деңгейінде белгілеген болатын.