Жыл қорытындысы: Биыл зейнетақы мен жәрдемақы қанша пайыз өсті

Үкімет сайты Қазақстанның жыл қорытындысы туралы кезекті шолуды ұсынды. Онда әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы айтылды.
"Қазақстанда әлеуметтік саланы қолдау және дамыту мәселелеріне басымдық беріледі. Мемлекет басшысы бұл жұмыстың маңызы туралы әрдайым атап өтеді. Геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, республикада әлеуметтік міндеттемелердің барлығы мүлтіксіз орындалып келеді", - деп хабарлады үкімет.

11 айдың қорытындысы бойынша өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 908,5 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде:

Үкіметтің хабарлауынша, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына биыл 196,3 мың адам жұмысқа тұрды. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға бизнес ашу үшін 400 АЕК (шамамен 1,3 млн теңге) мөлшерінде 9,1 мың мемлекеттік грант берілді.

Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына биыл 196,3 мың адам жұмысқа тұрды, оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындарына – 17,3 мың;

- жастар практикасына – 33,1 мың;

- қоғамдық жұмыстарға – 120,7 мың;

- "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша – 9,6 мың;

- "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша – 488;

- "Күміс жас" жобасы бойынша – 15,1 мың.

Наурызда 21 жастан 35 жасқа дейінгі өз ісін бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысып жүрген жастар үшін 2,5% жеңілдікпен несие беру бағдарламасы іске қосылды. Нәтижесінде жалпы сомасы 25,4 млрд теңгеге 5,4 мың бизнес-жоба мақұлданды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жекелеген санаттарының жалақысын жыл сайын орта есеппен 20%-ға кезең-кезеңмен көтеру үрдісі жалғасын тапты. Нәтижесінде 2025 жылға дейін олардың жалақысы 2 есеге артады. Салалық мемлекеттік органдар да осындай жұмыс жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары педагогтарының, ішкі істер және қорғаныс органдары жүйесінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының, біліктілігі жоғары медицина мамандарының жалақысы көтерілді.

Құтқарушыларға (лауазымдық жалақының 70%-ы), сондай-ақ мемлекеттік орман күзеті қызметкерлеріне, табиғатты қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларына, жануарларды қорғауға мамандандырылған ұйымдардың инспекторларына және т.б. (лауазымдық жалақының 100%-ы) денсаулыққа және адам өміріне зиян келтіруі мүмкін жұмыс үшін қосымша төлем белгіленді.

Оған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша:

Сонымен қатар мемлекет басшысының "Ұлттық қор – балаларға" бастамасы аясында оны орындау тетігі әзірленіп, қажетті заңнамалық түзетулер қабылданды. Жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан басталады. Енді Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық балалардың арасында үлестіріледі. Осылайша, жиналған қаражатты білім алуға немесе баспана сатып алуға жұмсауға болады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: