Еңбек министрлігі: ең төмен жалақының артуы 1,8 млн адамның табысына әсер етеді

Сурет: Zakon.kz
Елімізде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақы мөлшері (бұдан әрі – ЕТЖ) 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғаяды. Осыған байданысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кей жағдайды түсіндіріп өтті.

Министрліктің дерегінше, ҚР Еңбек кодексіне сай, жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.

"Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық саласында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірісі өседі". Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еске салайық, ЕТЖ – еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт.

"Жыл сайын тиісті қаржы "Республикалық бюджет туралы" ҚР Заңымен белгіленеді", - деп қосты министрлік.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды