Қазақстанда украиналық миллионер Вадим Машуровқа іздеу жарияланды

Сурет: Instagram/vadimmashurov
Украиналық миллионер Вадим Машуровқа іздеу жарияланғанына сегіз тәулік болған.

Қазақстанның құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталындағы іздеуде жүрген картасында оның шетел азаматы, "украин" екені көрсетіліп, іздеу ісі 2023 жылы 28 желтоқсанда Алматы қаласында ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті бастамасымен тіркелгені жазылған.

Статистика органдарының порталындағы ақпаратқа сай, Вадим Машуров - "Sincer" немесе S-Group пирамидасын жасаушылардың және бенефициарларының бірі. Сонымен қатар оны Украинаның құқық қорғау органдары үш бап бойынша іздеп жатыр: бопсалау, көлік ұрлау және адам ұрлау.

Вадим Машуров – 26 жастағы доллар миллионер. Вадим Украинадағы табысты IT-кәсіпкерлердің бірі, Instime жобасы мен S-Group инвестициялық платформасын жасаушы. Chinare Systems (немесе S-тобы, SS-тобы) компаниясын Қаржы мониторингі агенттігінің сайтындағы қаржы пирамидалары тізімінен көруге болады. Жазда бұл іске қатысты күдіктінің ұсталғаны хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды