АҚШ-та өткен сайлаудың қорытындысы бойынша 6 қарашадағы саудада доллар бағамы көтерілді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 6 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3,13 теңгеге көтеріліп, 492,14 теңге болды.

Керісінше, юаньның орташа сараланған бағамы 68,59 теңгеге дейін төмендеді (-0,18).

Ақша айырбастау орындарында доллар 492,1-493,9 теңгеге, еуро 528,5-532,5 теңгеге, ресей рублі 4,97-5,07 теңгеге сатылуда.

Сонымен бірге, 6 қарашадағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, қаңтар айындағы Brent фьючерстерінің бағасы ICE Futures биржасында электронды саудада 1,79%-ға төмендеп, барреліне 74,18 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 1,72%-ға төмендеп, барреліне 70,75 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 488,91 теңге, еуроны 532,62 теңге, рубльді 5 теңге деп белгіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді