21 сәуірдегі сауда-саттықта доллар бағамы өзгеріссіз қалды: айырбастау орындарында еуро 600 теңгеден асты

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 21 сәуірде сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 521,53 теңге (-0,6) болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,44 теңгеге (+0,02) дейін көтерілді.

Қытайда мереке күні болғандықтан юаньмен сауда жүргізілмеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 520,1-522,7 теңге, еуро 597-603 теңге, рубль 6,29-6,41 теңге аралығында сатылуда.

21 сәуірдегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны барреліне 66,84 долларға дейін 1,65%-ға арзандады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 1,78%-ға арзандап, барреліне 62,87 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 521,9 теңге, еуроны 593,5 теңге, рубльді 6,39 теңге деп белгіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды