Азамат Әмрин жалақы бойынша прогрессивті салық салымының мәнісін түсіндірді.
"Ол арадағы шкала сәл өзгешелеу. 33 миллион теңгеге дейін – 10%, 33 млн-нан асқандарға -15% болады. Иә, бізде жоғары жалақы алатындар бар, айына шамамен 3 миллион теңге. Салық есебінде келтірілген деректерге сәйкес, біздің елімізде 26 700-ге жуық жалдамалы қызметкер 3 миллион теңгеден астам көлемде жалақы алады. Бұл арада ай сайынғысы емес, жылдық көлем есепке алынады. Айталық, егер менің жалақым жыл бойында 33 миллион теңгені құраса, одан - 10%, ал одан асқандарға 15% салық салынады", деп түсіндірді ол.
2025 жылы 30 сәуірде Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Салық кодексін және салық салу мәселелері бойынша оған енгізілген ілеспе түзетулерді қабылдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.