Ұлттық Банк зейнеткерлерге интернет-алаяқтық туралы ескертті

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық Банк заманауи цифрлық технологиялар мен әлеуметтік инженерия әдістерін пайдалана отырып, егде жастағы азаматтарға қарсы бағытталған алаяқтық әрекеттердің жиілеп бара жатқанына назар аударады.

Теріс пиғылды адамдар психологиялық қысым мен манипуляция әдістерін қолданып, шатастыру үшін түрлі сценарийлерді белсенді қолданады. Әдетте, алаяқтар оқыстан әрекет етеді: қоңырау шалады немесе хабарлама жібереді, әңгіме айтқанда табандылық танытады, адамды эмоциялық тепе-теңдіктен шығаруға және ойланбай шешім қабылдауға мәжбүрлеу үшін қысым көрсетеді.

Алдаудың мынадай схемалары жиі қолданылады:

Ұлттық Банк егде жастағы азаматтардың туыстары мен қамқоршыларына мобильдік құрылғыларда белгісіз нөмірлерді бұғаттау функциясын орнатуға көмектесуді, сондай-ақ күмәнді сілтемелер бойынша өтуден бас тарту, белгісіз файлдарды ашпау және күмәнді қосымшаларды орнатпау қажет екенін үнемі ескертуді ұсынады.

Сондай-ақ мобильді банктік қосымшаларда (осындай функция бар болған кезде) сенімді тұлғаның күмәнді қаржылық операцияларды растайтын немесе қабылдамайтын баптау ұсынылады, бұл қосымша қорғау деңгейін қосады.

Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтарды цифрлық сервистер мен қашықтан көрсетілетін қызметтерді пайдалана отырып, қаржылық операцияларды жасау кезінде қырағы болуға шақырады. Күмән туындаған жағдайда консультация алу үшін екінші деңгейлі банктерге немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық Банктің Байланыс орталығына хабарласуға болады.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды