Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,29 теңгеге қымбаттап, 541,93 теңге болды.
Рубльдің орташа сараланған бағамы 6,85 теңгеге (-0,0093) түсті.
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 75,56 теңге (+0,67) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 540,9-543,9 теңге, еуро 634,5-639,5 теңге, рубль 6,73-6,85 теңге аралығында сатылуда.
24 шілдедегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы өсуде.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйектегі Brent фьючерстерінің құны 0,70%-ға өсіп, барреліне 68,99 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,81%-ға өсіп, барреліне 65,78 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 538,64 теңге, еуроны 631,56 теңге, рубльді 6,85 теңге деп белгіледі.