Қазақстанда доллар бағамы 3 теңгеге жуық өсті

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 15 тамызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 540,87 теңгені құрап, 2,77 теңгеге қымбаттады. Рубль бағамы төмендеп, 6,74 теңге болды (-0,01).

Қытай юанінің орташа бағамы таңертеңгі саудада 75,11 теңге болды (+0,19).

Ақша айырбастау орындарында доллар 540,37–542,52  теңге, еуро 629,17–634,16 теңге, рубль 6,67–6,78 теңге аралығында сатылуда.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 15 тамыз, жұма күнгі саудада төмендеді.

Brent маркалы мұнай бағасы алдыңғы сессиямен салыстырғанда 0,60%-ға төмендеп, барреліне 66,44 доллар болды.

Ал West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай бағасы 0,70%-ға төмендеп, барреліне 63,51 долларды құрады.

Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 538,03 теңге, еуро – 629,23 теңге, рубль – 6,74 теңге деңгейінде бекіткен болатын. 

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай