Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 18 тамыз күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 540 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,93 теңгеге төмен. Рубль бағамы – 6,74 теңге (+0,0016).

Қытай юанінің орташа бағамы таңғы саудада 75,33 теңгені құрап, 0,21 теңгеге өсті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 539,5–541,9 теңге, еуро 630–634 теңге, рубль 6,63–6,75 теңге аралығында сатылуда.

Бұл ретте, әлемдік мұнай бағасы 18 тамыздағы саудада өсті.

Brent маркалы мұнайдың құны алдыңғы сессиямен салыстырғанда 0,29%-ға көтеріліп, барреліне 66,03 доллар болды.

Сонымен қатар West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай бағасы 0,44%-ға өсіп, барреліне 62,26 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 540,87 теңге, еуроны – 632,01 теңге, рубльді – 6,76 теңге көлемінде бекіткен болатын. 

Күннің алғашқы жартысындағы валююта бағамын мына жерден көре аласыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған