22 тамыздағы сауда-саттықта доллар бағамы аздап төмендеді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 22 тамыз күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Доллардың орташа сараланған бағамы 537,34 теңгені құрап, 0,39 теңгеге төмендеді. Бұған дейін, 21 тамыздағы, сауда нәтижесі бойынша АҚШ валютасы шамамен 1 теңгеге арзандаған еді.

Рубльдің бағамы 6,7 теңге деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Таңертеңгі саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 74,7 теңгені құрады (-0,21).

Айырбастау пункттерінде доллар 538–540 теңгеге, еуро 623–627 теңгеге, рубль 6,6–6,73 теңгеге саудалануда.

Әлемдік мұнай бағасы 22 тамызда, жұма күні айтарлықтай өзгерістер көрсеткен жоқ. Түскі уақытта Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстері $0,02-ға (0,03%) өсіп, барреліне $67,65 болды.

NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI фьючерстері $0,04-қа (0,06%) арзандап, барреліне $63,48 болды.

Күннің алғашқы жартысындағы валююта бағамын мына жерден көре аласыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды