Онлайн-кредиттер беру қатаңдатылды: Қазақстанда 30 қыркүйектен бастап не өзгереді

Фото: freepik
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 5 қыркүйекте тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздар беру кезінде "шешім қабылдау" кезеңін енгізу жөніндегі шаралар туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтарға қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында ағымдағы жылғы 30 қыркүйектен бастап тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздар беру кезінде "шешім қабылдау" кезеңі енгізілетінін еске салынды.

"Шешім қабылдау кезеңінің негізгі мақсаты – қарыз алушыға ойланып шешім қабылдауға уақыт беру және соның нәтижесінде асығыстықпен қарыз шартын жасасу немесе алаяқтық схемаларға тартылу ықтималдығын азайту",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұл норма Мемлекет басшысы 2025 жылғы 30 маусымда қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңында бар.

Заңды іске асыру үшін Агенттік Басқармасы онлайн берілетін тұтынушылық кепілсіз қарыздар бойынша мынадай шешім қабылдау тәртібін қабылдады:

"Банктер мен МҚҰ қарыз алушыға 1 күн ішінде жалпы сомасы көрсетілген лимиттерден асатын бірнеше кредит берілген жағдайда шешім қабылдау кезеңін сақтауға міндетті. Бұл ретте шешім қабылдау кезеңі тауарлық кредиттер беруге, ішкі қайта қаржыландыруға және төлем картасы бойынша лимит (150 АЕК дейін) шеңберінде қарыздарға қолданылмайды".ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Ведомство атап өткендей, егер қарыз алушы шешім қабылдау кезеңінде кредит алу туралы шешімін өзгертсе, қарыз шарты жойылады және оған кредит қаражаты аударылмайды.

"Шешім қабылдау кезеңі тек онлайн-қарыздар үшін қолданылады және азаматтарды алаяқтықтан қорғауға бағытталған. Қарыз алушыға кредит қаражаты шұғыл қажет болған жағдайда, ол кез келген уақытта банктің немесе МҚҰ бөлімшесіне жүгіне алады және қарызды шешім қабылдау кезеңін қолданбай ресімдей алады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін ҚР Еңбек министрлігі қазақстандықтарға зейнетақы төлеуді шектеуді жоспарлап отырғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты