Доллар 10 қыркүйектегі саудада тағы қымбаттады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 10 қыркүйек күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 538,20 теңгені құрап, тағы 1,46 теңгеге өсті.

Рубль бағамы 6,40 теңгеге дейін төмендеді (-0,10).

Қытай юанінің орташа бағамы таңғы саудада 75,51 теңгені құрады (+0,23).

Айырбастау пункттерінде доллар 537,9–540,3 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда, еуро – 629–633 теңге, рубль – 6,25–6,39 теңге шамасында.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 10 қыркүйектегі саудада өсті.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың баррелі 0,7 долларға қымбаттап, 67,09 долларды құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың баррелі 0,69 долларға өсіп, 63,32 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 536,76 теңге, еуроны – 630,85 теңге, рубльді – 6,45 теңге деп бекітті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты