3 қазанда доллар бағамы қайта өсті

Фото: freepik
2025 жылғы 3 қазан күні сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 547,57 теңгені құрап, 0,58 теңгеге қымбаттады.

Рубльдің бағамы төмендеп, 6,71 теңге болды (-0,04).

Қытайдағы мерекелік күндерге байланысты юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.

Алматы мен Астананың айырбастау орындарында долларды 547,9–550,3 теңгеден, еуроны 642–647 теңгеден, рубльді 6,59–6,71 теңгеден сатып алуға және сатуға болады.

Әлемдік мұнай бағасы да 3 қазан күнгі саудада өсуін жалғастырды.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,44 долларға қымбаттап, 64,55 долларды құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,45 долларға өсіп, 60,93 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Астанада "Болашақ ойындары – 2026" аясында фиджитал-баскетбол жарысы басталды

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі