"Көшпелілер рухы": Қазақстанда ерекше коллекциялық монета айналымға шықты

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Ұлттық банкі "Көшпелілер тотемдері – культ жануарлар" сериясын аяқтайтын ARǴYMAQ атты коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Бұл туралы 2025 жылғы 21 қазанда Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Айта кетейік, жаңа монетаның ерекшелігі – бриллиант тастың орнатылуы.

Монеталарды сату 22 қазаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы жүргізіледі.

ARǴYMAQ коллекциялық монеталары туралы

Монета адам мен табиғаттың үндестігін бейнелейтін түркі мәдениетіндегі басты жануардың бірі – қасиетті арғымақты бейнелейді. Оның дизайны "сақ стилінде" жасалған жануардың шынайы және трафареттік бейнесіне негізделген.

Номиналы 5 000 теңгелік және 1 000 теңгелік ARǴYMAQ монеталарының сипаттамасы

Күмістен жасалған монеталарды даярлау кезінде алтын жалату және гауһартас қондыру технологиясы қолданылған. Монеталардың бет жағы мен сырт жақ бейнесі бірдей.

Монеталардың бет жағы (аверсі) ұлттық ою-өрнекпен жиектелген. Сол сияқты соғылған жылы, номиналы, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі мен монетаның металы, оның сынамасы мен массасын білдіретін жазу бар. "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY•REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" жазуы монета бетіне айналдыра жазылған.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) номиналы 5 000 теңгелік монетада – диаметрі 2 мм, ал номиналы 1000 теңгелік монетада – 1 мм гауһар тасы қондырылған арғымақ басының шынайы және трафареттік бейнесінің композициясы берілген. Жоғарғы бөлігінен "ARǴYMAQ" жазуын оқуға болады. Периметрі бойынша сәндік элементтері бар кең жиекті.

Номиналы 5 000 теңгелік монетаның бейнесі

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Монета:

Номиналы 1 000 теңгелік монетаның бейнесі

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Номиналы 500 теңгелік және 200 теңгелік ARǴYMAQ монеталарының сипаттамасы

Монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан, "proof-like" және "brilliant uncirculated" сапасында дайындалған. "Proof-like" сапасында әзірленген монетада алтын жалату технологиясы қолданылып отыр.

Монеталардың бет жағы (аверсі) ұлттық ою-өрнекпен жиектелген. Сол сияқты соғылған жылы, номиналы, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY•REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" жазуы монета бетіне айналдыра жазылған.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) арғымақ басының шынайы және трафареттік бейнесінің композициясы, ал жоғарғы бөлігінде – "ARǴYMAQ" жазуы бар. Периметрі бойынша сәндік элементтері бар кең жиекті.

Номиналы 500 теңгелік монетаның бейнесі

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Номиналы 200 теңгелік монетаның бейнесі

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Монеталардың барлық түрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталып, айырбасталуға міндетті.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды