Қазақстанда такси қызметі қарқынды дамып, ел бойынша жолаушылар тасымалында көшбасшы атанды

Фото: pexels
2025 жылдың алғашқы он айында Қазақстанда 137,1 млн такси сапары жасалды – бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге көп. Бұл көрсеткіш таксиді елдегі барлық көлік түрлерінің ішінде бірінші орынға шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, елдегі жолаушылар тасымалының жалпы көрінісі дәстүрлі түрде сақталып отыр: жолаушылар тасымалының басым бөлігі (98,1% немесе 1 561,5 млн адам) автокөлік және қалалық көлік үлесіне тиесілі. Сонымен қатар автокөлік тасымалы сегментінің жалпы өсімі 12,2%-ды құрады, ал автотасымалдаушы кәсіпорындардың кірісі 406,3 млрд теңгеге жетті.

Такси нарығы тасымалданған жолаушылар саны бойынша теміржол және әуе көлігін бірге қосқанда да басып озды.

Бір қызығы, Қазақстанда трамваймен 13,5 млн адам, ал су көлігімен 252,9 мың жолаушы тасымалданған.

Статистика жолаушылар тасымалының жалпы көлеміндегі жеке сектордың жоғары үлесін де көрсетеді. Барлығы 1 591,3 млн жолаушы тасымалданса:

Осылайша, жолаушылар тасымалы өсімінің негізгі қозғаушы күші – жеке бастамалар мен такси қызметтерінің технологиялық платформалары болып отыр.

Бұған дейін қазақстандықтардың ипотеканы емес, автонесиені белсенді түрде рәсімдей бастағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді