Оның айтуынша, елімізде лицензияланған майнингтік қызметтің екі түрі енгізілген: мәліметтерді өңдеу орталығының қожайындары және жалға алған ұяшықтармен жұмыс істейтін құрылғы иелері.
"Барлық майнер аккредиттелген қазақстандық майнинг-пулдар арқылы жұмыс істеуге міндетті. Сонымен қатар, салықты әкімшілендіру тетіктері айқындалды: майнерлер мен майнинг-пулдар үшін корпоративтік табыс салығы, жеке тұлғалар үшін оның құнының өсіміне салық салу, ал криптобиржаларға корпоративтік табыс салығы", - деді Зәкиев.
Сонымен қатар, цифрлық майнерлер бюджетке цифрлық майнинг үшін төлем аударады. Бұған дейін тұтынылған электр энергиясының 1кВт/сағаты 26 теңге болса (дифференциальды), ал қазір - 2 теңге.
"Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне қарағанда, цифрлық активтер индустриясынан 2023 жылы бюджетке шамамен 9 млрд теңге, 2024 жылы 10,4 млрд теңге, сондай-ақ 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 7,7 млрд теңге түсті. Осы жағынан алғанда, ұсынылған деректерге сүйенсек, цифрлық майнинг индустриясынан бюджет кірісінің өсу қарқыны байқалып отыр", - деді спикер.
Бұған дейін Ұлттық қор мен алтын-валюта қорындағы шамамен 300 млн АҚШ доллары криптоактивтерге салу жоспарланып отырғаны айтылған.