Қазақстанда 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі: 2026 жылға арналған жаңа мөлшерлер жарияланды

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (ЕХӘҚМ) бүгін, 29 желтоқсанда, 2026 жылы елімізде зейнетақылар мен жәрдемақылар қанша пайызға өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық банк айқындайтын болжамды инфляция деңгейіне сай мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі, базалық және ынтымақты зейнетақылар 10%-ға ұлғайтылады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл бойы ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшерін 120%-ына дейін кезең-кезеңімен жыл сайын арттыру жүзеге асырылып келеді.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (күнкөріс деңгейінің 70%-ы) құрайды. Ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін өсіп, 60 005 теңгеге жетеді.

Мәселен, 2019 жылы зейнетке шыққан 70 жастағы зейнеткерге 2025 жылы бюджеттен төленген зейнетақы мөлшері 171 588 теңге болды, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі – 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңге.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап болатын өсімді ескергенде, бұл зейнеткердің жалпы зейнетақысы 192 816 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы – 60 005 теңге, ынтымақты зейнетақы – 132 811 теңге болады. Айта кету керек, көрсетілген сомаларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін төлемдер кірмейді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің өсуіне қатысты бірнеше мысал:

Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер де 10%-ға көбейтіледі. Бұл төлемдер мемлекеттік бюджеттен берілетін жәрдемақыларға қосымша түрде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төленеді.

Төлемдердің мөлшері әр адам үшін жеке есептеледі және соңғы екі жылда МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты алмастыру деңгейіне байланысты болады.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды