"2026 жылдың 1 наурызына дейін": Қазақстан кәсіпкерлері үшін маңызды ақпарат жарияланды

Сурет: pexels
ҚР Қаржы министрлігінің (Қаржымині) Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) бүгін, 2026 жылғы 12 қаңтарда кәсіпкерлерге жүгініп, маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитет таратқан ақпаратта былай делінеді:

"Таңдалған салық салу режиміне уақтылы көшуді қамтамасыз ету мақсатында Комитет салық есептілігін кері қайтарып алуға салықтық өтініш берудің уақытша мүмкіндігін беру туралы шешім қабылдады. Бұл өтініш ескі және жаңа СТК-де 2026 жылғы 1 наурызға дейін, яғни өтпелі кезең ішінде қолжетімді болады".

Бұл ретте, салық есептілігінің нысандары олар берілген ақпараттық жүйеде кері қайтарып алынуға жататынына назар аударамыз (жаңа СТК–де СЕН ұсынылған жағдайда – салық өтінішті кері қайтарып алуға толтыру және ұсыну да жаңа СТК-де жүзеге асырылуы тиіс. Егер СЕН ескі СТК-де ұсынылған жағдайда, кері қайтарып алуға өтініш ескі СТК-де берілуі керек).

"Сондай-ақ, СЕН қайтарып алу мүмкіндігіне қатысты норма жаңа Салық кодексіне сәйкес алынып тасталғанын ескере отырып, бұл функцияны салық салу режимін уақтылы таңдау, сондай-ақ дара кәсіпкердің қызметін тоқтату мақсатында ғана пайдалану қажет".Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Бұған дейін 2025 жылғы 31 желтоқсандағы Үкімет қаулысымен ҚҚС-ты (қосылған құн салығын) есептен шығару әдісімен төлеуге жататын импорттық тауарлар тізімі және оны қалыптастыру ережесі бекітілгені хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы