16 қаңтардағы саудада доллар бағамы өсуін жалғастырды

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 16 қаңтарда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 512,16 теңгені құрап, 1,05 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы да қымбаттап, 6,56 теңгеге жетті (+0,03).

Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 73,43 теңгені құрады (+0,17).

Айырбас пункттерінде доллар 512,3–514,7 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.

Еуро – 593,9–598,2 теңге,

Рубль – 6,44–6,55 теңге аралығында саудалануда.

16 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Атап айтқанда, наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 4,2%-ға арзандап, бір баррелі 63,8 долларға дейін түсті.

Ал америкалық West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай бағасы 0,3%-ға төмендеп, баррелі 59,04 долларды құрады.

Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 510,95 теңге, еуроны – 594,49 теңге, рубльді – 6,5 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған