Аванстық төлемдер, есептілік, шоттарды бұғаттау: қандай өзгерістер бар

Фото: pexels
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мамандары "Халық бухгалтері" акциясы аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексіне байланысты қазақстандықтарды толғандырған ең өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аванстық төлемдерді кімдер төлемейді, 2026 жылы өзгеріс бар ма?

Аванстық төлемдерді төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеушілер, мына тұлғалардан басқа:

Жеке кәсіпкер бухгалтерсіз өз бетінше есеп тапсырып, есеп жүргізе ала ма?

"Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" заң нормаларына сәйкес, жеке кәсіпкерлер бір мезгілде келесі шарттарға сай келсе, бухгалтерлік есеп жүргізбеуге (алғашқы құжаттарды жасау мен сақтауды қоспағанда) және қаржылық есептілік тапсырмауға құқылы:

Осы шарттардың кем дегенде біреуіне сәйкес келмеген жағдайда, жеке кәсіпкер сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есептілік жасауға міндетті.

Осылайша, заң талаптарына сай келетін жеке кәсіпкер бухгалтерлік есепті (алғашқы құжаттарды жасау мен сақтауды қоспағанда) жүргізбеуге құқылы. Бухгалтер тарту – кәсіпкердің өз шешімі.

Нөлдік есептер автоматты түрде тапсырылуы үшін не істеу қажет?

Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркеуден өткеннен кейін веб-қосымшада тапсыруға жататын салық есептілігі нысандарын көрсетеді.

Қызмет түрлері өзгеріп, басқа есептілік нысандарын тапсыру қажеттілігі туындаған жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) есептілік тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін веб-қосымшада тиісті нысандарды белгілейді.

Бұл функционал 2026 жылғы алғашқы салық кезеңі үшін есептілік тапсыру мерзіміне жақын уақытта салық төлеушінің СТК профилінде қолжетімді болады.

Сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығынан басқа салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

Ол үшін салық органына электронды түрде хабарлама жіберіп,СӘАЖ СТК жүйесіндегі салық төлеуші профилінде құрылымдық бөлімше тапсыратын есептілік нысандарын көрсетуі қажет. Бұл функционал 2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында қолжетімді болады.

2026 жылы есептілікті кері қайтарып алу мүмкін бе?

Салық кодексінің нормаларына сәйкес, 2026 жылдың қаңтарынан бастап, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі кері қайтаруға жатпайды.

2026 жылы қандай қарыз сомасында банк шоты бұғатталады?

Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарындағы қаражат есебінен салық берешегін өндіріп алу мәжбүрлі тәртіппен жүзеге асырылады, егер салық берешегінің сомасы 20 АЕК-тен кем емес болса. 2026 жылға бұл сома 86 500 теңгені құрайды.

Бұған дейін мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілерге қандай жеңілдіктер бар екенін жазғанбыз.

Шымкент
Қазақстан
Астана
Алматы облысы
Халық бухгалтері

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды