Әлемдік алтынға сұраныс алғаш рет 5000 тоннадан асты

Фото: pexels
Өткен жылы алтынға деген әлемдік сұраныс тарихи ең жоғары деңгейге жетті. Экономикалық тұрақсыздыққа қатысты алаңдаушылық инвестиция көлемінің күрт өсуіне себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте рекордтық жоғары бағалар зергерлік бұйым сатып алушылардың санын азайтқанына қарамастан, инвесторлардың қызығушылығы бәсеңдеген жоқ.

The Edge Malaysia дерегінше, 29 қаңтарда Дүниежүзілік алтын кеңесі (World Gold Council) жариялаған есепте 2025 жылы әлемдік алтынға сұраныс 1%-ға өсіп, 5002 тоннаға жеткені көрсетілген. Бұл – бақылау жүргізіле бастағаннан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Сонымен қатар алтын бағасы алғаш рет бір унция үшін 5300 АҚШ долларынан асып, жыл басынан бері 22%-ға қымбаттады. Ал 2025 жылы геосаяси шиеленіс салдарынан "қауіпсіз активке" деген сұраныс күшейіп, баға бір жылда 64%-ға өскен болатын.

Осылайша, жалпы инвестициялық мақсаттағы алтынға сұраныс 2025 жылы 84%-ға артып, рекордтық 2175 тоннаға жетті.

Дегенмен, 2025 жылы алтын зергерлік бұйымдарға сұраныс 18%-ға төмендеді. Ал Қытайда алтын әшекейлерін сатып алу көлемі 24%-ға қысқарып, 2009 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсті.

Бұған дейін сарапшылар "әлемдегі ең мықты валютаны" атағанын жазғанбыз.

Қытай
АҚШ
Еуроодақ
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды