"Ұлттық қор – балаларға": 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр балаға қанша ақша аударылады

Сурет: Zakon.kz
31 қаңтарда Ұлттық Банк "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 АҚШ доллары есептелгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкі Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 18 жасқа (қоса алғанда) дейінгі балаларға арналған кезекті нысаналы талаптардың БЖЗҚ-ға есептелгенін хабарлайды.

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 АҚШ долларынан есептелді. 2025 жылдың соңында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 918 656 болды.

Айта кетсек, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 2024 жылы 1 қаңтарда іске қосылды. 2024 жылы әр балаға 100,52 АҚШ долларынан бөлінген болатын. 2025 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелді.

Балаларға есептелетін сома жыл сайын Ұлттық қордың ұзақмерзімді инвестициялық табысының жартысынан және қордағы валюта активтерінің көлеміне қарай қалыптасады. Сонымен қатар алдыңғы жылдары балалар шотына есептелген қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қор портфелінде инвестициялана береді, сол арқылы қосымша табыс әкеледі.

Инвестициялық табыстың көлемін ескергенде, үш жылдан бері бағдарлама іске асқалы жинақталған жалпы сома бір балаға 370,56 АҚШ долларын құрады. Тиісті ақпаратпен электронды үкіметтің eGov mobile мобильді қосымшасында және kids.enpf.kz сайтында 2026 жылғы 31 қаңтарда танысуға болады.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі
Ұлттық қор – балаларға

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды