Қазақстанда бюджет үдерісінде цифрлық теңгені қолдану кеңейтіледі

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 10 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бюджет үдерісінде цифрлық теңгені пайдалану аясын кеңейту жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл цифрлық теңгені бірқатар бюджет бағдарламалары мен жобаларында қолдану көзделіп отыр.

"Осы мақсатта Үкіметпен бірлесіп, сәуір айында бюджет бағдарламалары мен жобаларын цифрлық теңгеге көшіруге арналған кешенді іс-шаралар жоспары қабылданады. Бұл автожол құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіп кешенін несиелеу, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік сала және денсаулық сақтау бағыттарын қамтиды", – деді Тимур Сүлейменов.

Сондай-ақ ол алаяқтықпен күрес Ұлттық банктің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

"Ұлттық антифрод-орталық қазірдің өзінде 2,8 млрд теңгеге алаяқтықтың алдын алды. Орталықтың тиімділігін арттыру үшін ұялы байланыс операторларын толыққанды тарту және Telecom-AntiFraud жүйесін енгізу қажет", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 2026 жылы алаяқтық схемалардың алдын алу мақсатында жасанды интеллект технологиялары да енгізіледі.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына қатысты пікір білдірген болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті