11 ақпандағы сауда-саттықта доллар бағамы 490 теңгеге дейін төмендеді

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 11 ақпанда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 490,58 теңгені құрап, 1,31 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 0,01 теңгеге төмендеп, 6,36 теңге болды.

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 0,35 теңгеге арзандап, 71,05 теңгені құрады.

Айырбастау пункттерінде доллар 490,7–493,2 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуро 583,7–588,4 теңге, ал рубль 6,33–6,45 теңге аралығында саудалануда.

Сонымен қатар, 11 ақпанда әлемдік нарықта мұнай бағасы өсті. Brent маркалы мұнай 0,83 пайызға қымбаттап, барреліне 69,37 долларды құрады. West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай бағасы 0,88 пайызға өсіп, барреліне 64,52 долларға жетті.

Еске салсақ, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 491,88 теңге, еуроны – 585,83 теңге, рубльді – 6,36 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды