Сенаторлар қаңғыбас иттерді аулау мен улау тәртібін мәслихаттардың өзіне беруді ұсынды

Фото: pxhere
2026 жылғы 30 сәуірде Сенат депутаттары пленарлық отырыста "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңды қарап, өздерінің түзетулерімен бірге Мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенатор Арман Өтеғүловтың айтуынша, бұл заң қоғамда кең талқыланып, әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, сарапшылар қауымында, зооқорғаушылар мен ветеринар мамандар арасында үлкен пікірталас тудырған.

"Бұл тек заң нормаларын талқылау ғана емес, біз гуманизм, жауапкершілік және қоғамның қандай болатыны туралы айтып отырмыз", – деді ол.

Депутаттың пікірінше, қаңғыбас жануарлар санының көбеюінің негізгі себебі – үй жануарлары иелерінің жауапкершілігінің төмендігі.

"Жоғалған, тастап кеткен немесе бақылаусыз көбейген үй жануарлары көшеге шығып жатыр. Егер нақты бақылау мен жауапкершілік болмаса, бұл мәселе қайта-қайта қайталана береді. Қоғам қатаң әрі формалды шараларды қолдамайтынын анық айтты. Адамдар қатігез емес, салмақты және гуманистік шешім күтеді. Түзетулер де осы ұстанымға негізделген", – деді сенатор.

Заңмен келесі талаптар күшейтіледі:

  1. жануар иелерінің оларды ұстау және серуендету кезіндегі жауапкершілігі;
  2. жануарлардың басқа адамдарға немесе олардың мүлкіне зиян келтіруіне жол бермеу міндеті;
  3. белгіленген талаптар бұзылған жағдайда келтірілген залалды өтеу міндеті.

Осылайша, құжатта адам жауапкершілігі негізгі қағида ретінде белгіленеді, бұл әділ әрі қисынды шешім ретінде қарастырылады.

Жануарларды есепке алуды жүйелеу үшін оларды міндетті түрде чиптеу енгізу ұсынылады. Бұл – сәйкестендірудің бірыңғай және түсінікті тәсілі.

Сонымен қатар жануарларды өсіру және айналымын бақылау күшейтіледі. Жануарларды беру немесе сату тек тіркеу болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Бұдан бөлек, жабайы жануарларды табиғи ортаға қайтарумен және оңалтумен айналысатын ұйымдарда оларды ұстауға мүмкіндік беретін нормалар қарастырылған. Бұл олардың генетикалық қорын сақтауға маңызды.

Парламентші атап өткендей, қоғамның ерекше назарында тұрған ең сезімтал мәселе – жануарларды эвтаназиялау.

"Эвтаназия – бұл соңғы шара, ол жануар санын реттеу тәсілі емес. Ол тек ерекше жағдайларда ғана қолданылады. Егер жануар созылмалы ауруға шалдықса, өмір сапасы айтарлықтай төмендеп, тұрақты ауырсыну байқалса, ветеринар дәрігердің қорытындысы негізінде иесі эвтаназия туралы шешім қабылдай алады. Бұл тек ветеринарлық және этикалық талаптар қатаң сақталған жағдайда ғана жүзеге асады", – деді депутат.

Талқылау нәтижесінде келесі негізгі өзгерістер ұсынылды:

"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті ҚР Конституциясының 61-бабы 4-тармағына сәйкес "Жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның жекелеген баптарын мақұлдамауды және аталған баптарды жаңа редакцияда Мәжіліске қайтаруды ұсынады", – деп түйіндеді Арман Өтеғүлов.

25 сәуір 2026 жылы бұл жағдайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдірді. Мемлекет басшысы жануарларды қорғау тәсілін күшейту және адамдардың олардың тағдырына жауапкершілігін арттыру қажет екенін айтты.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі