13 мамырдағы сауда қорытындысы: доллар бағамы өсуін жалғастырды

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 13 мамырда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасындағы (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 467,63 теңгені құрап, 3,44 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 6,40 теңгеге дейін көтерілді (+0,12).

Ал юаньның орташа сараланған бағамы 68,67 теңгені құрап, 0,25 теңгеге қымбаттады.

Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу/сату бағамы 468,7–471,2 теңге аралығында, еуро – 547,7–553,2 теңге, рубль – 6,19–6,33 теңге аралығында саудалануда.

13 мамырда әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,1%-ға арзандап, барреліне 106,55 доллар болды.

Ал америкалық West Texas Intermediate мұнайының фьючерстері де 1,1%-ға төмендеп, барреліне 101,02 долларды құрады.

Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 463,91 теңге, еуроны – 544,63 теңге, рубльді 6,26 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін