Теңге қарқыны күшейді: доллар, рубль және юань бағамы төмендеді

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 2 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша теңге негізгі шетел валюталарына қатысты нығаюын жалғастырды.

Сағат 15:30-дағы сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 474,47 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,76 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,05 теңгеге дейін төмендеді (–0,10 теңге).

Қытай юанінің бағамы 70,15 теңгені құрап, 0,73 теңгеге арзандады.

Айырбастау пункттеріндегі бағам

Елдегі айырбастау пункттерінде:

Мұнай бағасы төмендеді

Ал Нью-Йорктегі NYMEX тауар биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,74 долларға төмендеп, 67,84 долларға бағаланды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі 2 шілдеге арналған ресми бағамды жариялап, долларды 479,26 теңге, еуроны 546,21 теңге, ал рубльді 6,13 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін