Рубль теңгеге қатысты бір айдың ішінде бірден 8%-ға құлдырады: Ресей валютасына не әсер етуде

Фото: freepik
Ресей рублі теңгеге қатысты арзандауын жалғастыруда. Бір жыл ішінде оның бағамы шамамен 12%-ға төмендеді, ал 2026 жылдың шілде айында шығын шамамен 8%-ды құрады. Дегенмен, бір қызығы, еліміздің айырбастау пункттері арқылы төртінші жыл қатарынан Ресей валютасының өте үлкен көлемі өтуде.

Рубльдің әлсіреу хроникасы

Көрсеткіштер соны дәлелдейді. Егер 2025 жылғы 23 шілдеде айырбастау пункттеріндегі Ресей рублін сатудың орташа бағамы 6,78 теңге болса, бүгін ол 5,76 теңгеге дейін төмендеді. Осы кезеңде ҚР Ұлттық банкінің ресми бағамы да бір рубль үшін 6,79 теңгеден 5,96 теңгеге дейін азайды.

Осылайша, бір жыл ішінде Ресей валютасы қазақстандықтар үшін айырбастау пункттерінде шамамен 15%-ға, ал ресми бағам бойынша 12%-дан астамға арзандады.

Ресей валютасының құнсыздануы тек теңгеге қатысты ғана емес. Соңғы бір айда рубль АҚШ долларына қатысты шамамен 5%-ға әлсіреді. 23 шілдеде Ресей банкі АҚШ долларының ресми бағамын 78,48 рубль деңгейінде белгіледі. Бұл – соңғы үш жарым айдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Айырбастау пункттері рубльді сатқаннан гөрі көбірек сатып алып жатыр

Бағамдағы өзгерістер қолма-қол валюта нарығына да әсер етуде. Ranking.kz пен Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Ресей рублінің нетто-сатылымы минус 66,6 млрд теңгені құрады. Бұл айырбастау пункттері халықтан осы сомаға рубльді сатқаннан гөрі көбірек сатып алғанын білдіреді. Бір жыл бұрын теріс сальдо 107,4 млрд теңгеге жеткен болатын.

Бұл жағдай бірнеше жыл бұрынғы көріністен мүлде өзгеше.

2018 жылдан 2022 жылға дейін қазақстандықтар айырбастау пункттерінен Ресей рублін сатқаннан гөрі көбірек сатып алып келді. Бұл үрдіс 2023 жылы өзгерді. Сол кезде көрсеткіш алғаш рет теріс мәнге өтті. Содан бері бұл жағдай төртінші жыл қатарынан сақталып келеді.

Жыл басында жағдай қысқа уақытқа өзгерді. Ақпан және наурыз айларында нетто-сатылым қайтадан оң көрсеткішке шықты. Яғни халық рубльді сатқаннан гөрі көбірек сатып алды.

Алайда сәуір айында жағдай қайта өзгерді. Теріс сальдо 39,8 млрд теңгеге, ал мамыр айында тағы 30 млрд теңгеге жетті. Дәл осы екі ай қаңтар-мамыр қорытындысындағы теріс нәтиженің негізгі бөлігін қалыптастырды.

Қай жерде рубль сатып алынады, қай жерде сатылады

Оң нетто-сатылым Қазақстанның жеті өңірінде ғана тіркелді. Ресей рублін ең белсенді түрде Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында сатып алған.

Ал қалған өңірлерде жағдай керісінше болды. Ең үлкен теріс сальдо Алматы қаласында тіркелді. Мұнда айырбастау пункттері халықтан рубльді 27,2 млрд теңгеге артық сатып алған. Одан кейін Астана, Ақтөбе облысы, Шымкент, Атырау облысы және Батыс Қазақстан облысы орналасқан.

Рубль бағамына не әсер етіп отыр

Ресей Банкінің бағалауынша, Ресей валютасының бағамына экспорттық түсім көлемі, импортқа деген сұраныс және пайыздық мөлшерлемелер деңгейі әсер етуді жалғастырып отыр.

Қосымша фактор ретінде Ұлттық әл-ауқат қорымен жүргізілетін операциялар аясында шетел валютасын күнделікті сату көлемінің қысқаруы аталды. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресей банкі Ұлттық әл-ауқат қорымен жүргізілетін операциялар аясында шетел валютасын күн сайын қосымша сату көлемін күніне 4,62 млрд рубльден 0,58 млрд рубльге дейін қысқартты.

Бұған дейін 23 шілдедегі сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

"Қазгидромет" Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды

"Бұршақ түсіп, тұман басады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды