27 шілдедегі саудада доллар бағамы қайта төмендей бастады

Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 27 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,58 теңгеге төмендеп, 473,40 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы өзгеріссіз қалып, 6,08 теңге болды.

Күндізгі саудада Қытай юанінің бағамы 0,60 теңгеге төмендеп, 69,65 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 473-475,1 теңгеден, еуро 537,4-543 теңгеден, рубль 5,65-5,79 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

27 шілдедегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Brent маркалы мұнай бағасы 17 шілдеден бері алғаш рет барреліне 85 доллардан төмендеді. Оның құны 7,32%-ға арзандап, барреліне 84,97 долларды құрады.

Ал WTI маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 7,56%-ға арзандап, барреліне 82,56 долларға түсті.

Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 476,07 теңге, еуроны 541,86 теңге, рубльді 6,08 теңге деңгейінде белгіледі.

27 шілде күнінің бірінші жартысында Қазақстанның ақша айырбастау орындарында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын осы жерден көруге болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды