Журналистер 2028-2029 жылдары ҚҚС түсімдерінің өсімі 2027 жылы күтілетін шамамен 2,5 трлн теңге деңгейінде сақтала ма және осы кезеңге қандай болжамдар жасалғанын сұрады.
Азамат Әмриннің айтуынша, 2027 жылы ҚҚС түсімдерінің өсуіне салық мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға дейін көтерілуі де ықпал етеді. Тек осы өзгерістің есебінен бюджетке қосымша 248 млрд теңгеге жуық қаражат түседі.
"2028-2029 жылдары мұндай өсім болады деп күтпейміз. Себебін түсіндірейін. Бізде үш жылдық бюджет жасалады: бірінші жыл егжей-тегжейлі жоспарланады, ал екінші және үшінші жылдарға қатысты мұндай нақты көрсеткіштер әзірге жоқ. Сондықтан 2027 жылғы қыркүйекте 2028-2029 жылдарға арналған бюджет ұсынылған кезде нақты көрсеткіштер белгілі болады. Сол уақытқа дейін 2027 жылдың қорытындысы мен динамикасын көреміз. Сол себепті қазір 2028-2029 жылдар туралы айтуға әлі ерте, – деді Азамат Әмрин.
Бұған дейін депутат Илья Теренченко Үкіметтен 2027 жылы ҚҚС түсімдерінің айтарлықтай өсуі қандай факторлардың есебінен күтілетінін және оған 16%-дық мөлшерлеме қалай әсер ететінін түсіндіруді сұраған еді.