Ұлттық қордан қосымша алынатын қаражат инфляцияны күшейтіп жібермейді ме

Сурет: pexels
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин 2026 жылғы 17 қыркүйекте Құрылтайда өткен брифинг барысында Ұлттық қордан бөлінетін трансферттің Қазақстандағы бағаларға әсері болатын-болмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат Әмрин Үкіметтің Ұлттық қордан алатын қосымша қаражаты инфляцияға тікелей әсер етпейтінін атап өтті.

"Ол арада пайыздар өте төмен. Бұл немен байланысты? Ұлттық қордан ақша экономикаға құйылған кезде ақша массасы өседі. Бірақ бұл 2 трлн теңгенің (жалпы үш жылдық бюджет шеңберінде 5 трлн теңге көлемінде қосымша трансферт жоспарланған) жылдық, жалпы ақша массасына қатынасы өте аз. Сондықтан қатты әсері болмайды", деп түсіндірді вице-министр.

2026 жылғы 4 қыркүйекте Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің ұстанымын жариялаған болатын. Ол сол кезде "5 трлн үш жылға (2 трлн теңге – 2027 жылы және 1,5 трлн-нан 2028 және 2029 жылдарға) жоспарланғанын айтқан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі