Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,65 теңгеге өсіп, 446,56 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,04 теңгеге көтеріліп, 5,29 теңгеге жетті.
Күндізгі саудада Қытай юанінің бағамы 0,36 теңгеге өсіп, 66,63 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 446,4-448,4 теңгеден, еуро 510-515 теңгеден, рубль 5,02-5,14 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
18 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеді.
Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 2,14 долларға арзандап, барреліне 102,68 доллар болды.
Америкалық WTI мұнайы 1,83 долларға арзандап, барреліне 100,08 долларға дейін төмендеді.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 444,58 теңге, еуроны 510,29 теңге, рубльді 5,27 теңге деңгейінде белгіледі.
Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында 18 қыркүйектің бірінші жартысында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын мына жерден көруге болады.