22 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы сәл төмендеді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 22 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,66 теңгеге төмендеп, 447,85 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,02 теңгеге қымбаттап, 5,34 теңгеге жетті.

Қытай юанінің бағамы күндізгі сауда-саттықта 0,0063 теңгеге өсіп, 66,93 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 446,7-448,5 теңгеден, еуро 509,6-514,5 теңгеден, рубль 5,02-5,14 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

22 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы қымбаттап жатыр.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,48 долларға өсіп, барреліне 101,82 долларды құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 1,44 долларға қымбаттап, 97,22 долларға жетті.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 448,44 теңге, еуроны 514,81 теңге, рубльді 5,33 теңге деңгейінде белгіледі.

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында 22 қыркүйектің бірінші жартысында шетел валюталары қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын мына жерден көруге болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан