23 қыркүйектегі саудада доллар бағамы тағы төмендеді

Фото: freepik
2026 жылғы 23 қыркүйекте сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы тағы 2,01 теңгеге төмендеп, 445,65 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,02 теңгеге төмендеп, 5,31 теңге болды. Ал Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 0,34 теңгеге арзандап, 66,58 теңгені құрады.

Айырбастау пункттерінде долларды 445 теңгеден сатып алып, 447 теңгеден сатып жатыр. Еуроның сатып алу және сату бағамы – 507,4 және 512,3 теңге, рубльдікі – 5,02 және 5,13 теңге.

23 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы да төмендеп жатыр. Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 0,76 долларға арзандап, 98,49 доллар болды.

Ал Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 1,22 долларға арзандап, 89,3 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 447,85 теңге, еуроныкін 513,46 теңге, рубльдікін 5,31 теңге деп белгіледі.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде 23 қыркүйектің бірінші жартысында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын осы жерден білуге болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар